Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы
(2026.28.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 285-НҚ бұйрығын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.13.05. № 318 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.30.01. № 36 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.25.09. № 494 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.14.07. № 208 бұйрығымен (2023 ж. 5 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.04. № 98 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 64) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.25.12. № 590 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.30.01. № 36 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.25.09. № 494 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары;